«Тұмар» — Ұлттық телевизиялық бәйгесі 2017 жылы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің бастамасымен құрылған.
Сыйлықтың негізгі мақсаты — кәсіби қоғамдастықтың жыл сайынғы әділ бағалауы арқылы қазақстандық теле индустриясының дамуын ынталандыру.
Міндеттері:
Бәйге ұйымдастырушысы «Медиа дамыту қоры» корпоративтік қоры, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен.
Іс-шараға «Қазақстан РТРК» АҚ мен «Хабар» агенттігі АҚ демеушілік жасады.
«Тұмар» — 2024 Ұлттық телевизиялық сыйлығы иегерлерінің есімдері белгілі болды.
Сыйлыққа қатысу үшін 12 номинация бойынша 300-ден аса өтінім келіп түсті. Шорт-листке 48 жұмыс енді. Жеңімпаздар әділқазылар мүшелерінің жабық дауыс беруі арқылы анықталды. Биыл алғаш рет «Төтенше жағдай кезінде түсірілген үздік репортаж» номинациясы бойынша журналистер өз бағын сынады.
Жеңімпаздар телевизиялық өнер саласындағы ең жоғары жетістіктері үшін «Тұмар» мүсіншесінің және 1 миллион теңге көлеміндегі қаржылай сыйақының иегері атанды.
Төтенше жағдай кезінде түсірілген үздік репортаж:
«Алапат тасқын» — «Qazaqstan» телеарнасы
Үздік журналистік зерттеу:
Экономика vs экология: су үнемдеудің жолдары қандай?/Арнайы репортаж — «Atameken Business» телеарнасы
Үздік ақпараттық бағдарлама:
«Astana Times» жаңалықтар қызметі — «Астана тв» телеарнасы
Үздік аналитикалық бағдарлама:
«Жеті күн» — «Хабар» телеарнасы
Үздік әлеуметтік жоба:
«Құдайы қонақ» — «Qyzylorda» телеарнасы
Үздік деректі фильм:
«Шетелдегі қазақ балалары» — «Жібек жолы» телеарнасы
Үздік сериал:
«Мошенники» — «НТК» телеарнасы
Үздік өңірлік ток-шоу:
«Ділмар» — «Жетісу» телеарнасы
Үздік өңірлік телеарна:
«ТДК-42» телеарнасы
Балаларға арналған үздік бағдарлама:
«АуылDone» «7 арна» телеарнасы
Үздік тележурналист:
Григорий Беденко — «Хабар» телеарнасы
Үздік тележүргізуші:
Мадина Балгабаева — «КТК» телеарнасы
«Тұмар» ұлттық сыйлығының бірінші Арнайы сыйлығы «Almaty.tv» телеарнасының 25 жылдық мерейтойы және отандық телевизиялық саланың дамуына қосқан үлесі үшін табысталса, екінші Арнайы сыйлығы ірі спорттық іс-шараларды көрерменге үздіксіз таратып келе жатқаны үшін «Qazsport» телеарнасына табысталды.
«Тұмар» ұлттық бәйгесі тарихында еліміздің 2 000 астам кәсіби журналисі мен телевизияның шығармашылық топтары қатысуға өтінім беріп, 351 жұмыс номинанттар тізіміне енді. Бүгінгі күні 98 эксклюзивті мүсінше өз иегерін жеңімпаздар арасынан тауып отыр.
«Тұмар» Ұлттық телевизиялық бәйгесі 2017 жылы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің бастамасымен құрылған. Сыйлықтың басты мақсаты – сапалы қазақстандық телевизияны дамыту және ілгерілету, телевизиялық контент өндірісінде талантты мамандарды қолдау және оның ең мықты өкілдерін мадақтау.
«Тұмар» ұлттық телевизиялық бәйгесіне қолдау білдірген «Хабар» Агенттігі» АҚ және «Qazaqstan» РТРК.
Бұқаралық ақпарат құралдарының тілшілерін «Тұмар» Ұлттық телевизиялық бәйгесіне аккредитациядан өткізу үшін келесі номер электронды поштасы арқылы хабарласу қажет. Салтанатты іс-шараның Дресс-коды Black Tie.
Қазылар алқасы үміткерлердің өтінімдерін/жұмыстарын қарау, талдау және сарапшылық баға беру қызметін атқарады. Жеңімпаздар қазылар алқасының құпия дауыс беруі арқылы анықталады. Қазылар алқасы халықаралық және қазақстандық телевизияның білікті мамандарынан, қоғам қайраткерлерінен құрылады.
журналист, «Бас редакторлар клубы» ҚБ президенті, ҚР Парламенті Сенатының депутаты
журналист журналист, медиаменеджер
Журналист, медиаменеджер
журналист, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты
«Әділ сөз» халықаралық қорының президенті
журналист
журналист
- «Halyq Uni Media» медиахолдингінің директоры
журналист
журналист, медиаэксперт
международный эксперт
журналист, медиаменеджер
Разработано в Harris
Қазақстандық медиасалаға өз үлесін қосқан және ықпалы бар «Тұмар» Ұлттық телевизиялық бәйге жылсайын ерекше күтетін салтанатты шараға айналды.
Жылдан жылға отандық телевизия имиджін қолдай отырып және медиа индустрияның талантты қызметкерлерін дамыта отырып, «Тұмар» сапа мен кәсібиліктің басты көрсеткіші болып саналады.
Алғашқы салтанатты кеш 2017 жылдың 17 наурызында еліміздің астанасында Қазмедиа Холлда өтті.
Жыл сайын жеңімпаздар бас жүлдемен — жезден және әйнектен жасалған эксклюзивті мүсіншемен марапатталады. Мүсіншенің авторы – танымал суретші-зергер Қамбар Есмұханов.
Мүсінде түркі әлемінің тұмары бейнеленген. Тұмар өз иесін қашанда қорғап жүретін болған. «Тұмар» Ұлттық бәйгесінің тұмары өз иесінің қолында бостандықты және болашаққа деген сенімділікті білдіреді.
Аталмыш уақыт аралығында отандық тележурналистикасының 59 маманы эксклюзивті мүсіншенің иесі атанды.